20
наурыз
2019
«Армысың әз Наурыз» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.
Концерттік бағдарламаның мақсаты:
- оқушылардың бойында халқымыздың салт - дәстүрлерін, әдет – ғұрыптарын қалыптастыру;
- оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеуге үйрету;
- оқушыларды адамгершілікке елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
№34 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 20 наурыз күні «Армысың әз Наурыз» тақырыбында концерт өткізілді.
Концерттік бағдарламаға мектепалды даярлық сыныбы мен 1- 11 сынып оқушылары қатысты.
Мерекелік концертті ашу үшін мектеп директоры Далиев Е. мен қамқошылық кеңесінің төрағасы Билибаев С. сөз сөйледі.
Концерттік бағдарламада 6-7 сынып «Тұсау кесу»,
8-9 сынып «Дау»,
10-11 сынып «Ат тергеу» сал дәстүрлерін көрсетті.
Сонымен қатар 0-1-2-3-4-5 сынып оқушылары ән айтып, би биледі.
Мерекелік концерттік бағдарлама жоғары дәрежеде өткізілді.
