21
ақпан
2023
"Менің таңдауым- менің болашағым" тақырыбында кәсіби білім беру сынып сағаты
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған онкүндік іс шаралар жоспарына сай21.02.2023жылы педагог кәсіби бағдар беруші Б.Қайратқызы 6 сынып білім алушылармен "Менің таңдауым- менің болашағым" тақырыбында кәсіби білім беру сынып сағатын өткізді.Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;