02
ақпан
2023
"Тіл мен ғасырлар куәсі" атты тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 02.02 - 28.03 күндері аралығында қоғамдық- гуманитарлық әдістемелік пәндер бірлестігінде тарих, ағылшын тілі пәнідері "Қоғамдық-гуманитарлық пәндері сабактарында оқушылардың тарихи тілмен сөйлеу сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру" атты тақырыбында айлық жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай 2- ақпан күні "Тіл мен ғасырлар куәсі" атты тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті. Айлықтың ашылу барысында мектеп директоры Е.А. Далиев сөз сөйлеп, қәзіргі шетел тілді меңгеру заман талабы және отанды сүйюге тарихын білуге жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру керектігін айтып, оқушыларды айлық барысында белсенді болуға шақырды. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті барлық тілдерді меңгеруде. Осы орайда оқушылардың білімдерін дамытуға бағытталған "Миллион кімге бұйырады" интеллектуалды шоуы өткізілді. Ашылу салтанаты соңында 5-6 сынып оқушылары үш тілде ән салды.
