20
желтоқсан
2022
Сынып жетекшілер тарапынан жаңа жыл мерекесін өткізу барысы туралы ата-аналармен онлаин түсіндіру жұмыстары
Мектепте 2022 жылдың 20 желтоқсан күні сынып жетекшілер тарапынан жаңа жыл мерекесін өткізу барысы туралы ата-аналармен онлаин түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға жаңа жылдық мереке барысында аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға, жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге тыйым салынатындығы, жаңа жылдық іс-шараларды өткізу үшін ешқандай қаражат жиналмайтындығы туралы түсіндірді. Ата-аналар тарапынан жоғарыда айтылғандармен келісетіндігі туралы кері байланыс жасалды.
