07
желтоқсан
2024
"Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"
"Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" Мектепте 2024 жылдың 6 желтоқсан күні кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, бопсалаудың, кибербуллингтің алдын алу мақсатында 5-10 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры К. Боржуков ұл бала ұлтымыздың, еліміздің болашақ қорғаны екенін айта келе, Б.Момышұлы атамыздың "Тәртіпке бағынған құл болмайды" нақыл сөзінің мәнін түсіндірді. АӘ және ТД пәнінің мұғалімі Н.Билібаев ұлдар болашақ Отан қорғаушылар екенін естеріне салып, зиянды заттардан аулақ болуға шақырды. ДТЖО А.Ертаева ұялы телефонның зиыны туралы түсіндіріп, мектепте үнемі үзіліс кезінде кітап оқуға кеңес берді. Сонымен қатар түнгі сағат 22.00 ден кейін ойын-сауық орталықтарында, тойханаларда, 23.00 ден кейін көшеде ата-аналарының қарауынсыз, қадағалауынсыз жүруге болмайтындығын айтты. Мектеп психологі Г.Нурмаханбетова бір-бірі мен тату болуға, бауырмал болуға кеңес берді. Сынып жетекші Ә.Керимов сабақтан қалмауға, кешікпеуге кеңес берді.