18
қазан
2023
«Мен жастарға сенемін» интеллектуалды ойыны
Білім алушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу мақсатында бүгін Оқушылар «Үміт» сарайында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерей тойына орай аудан мектептерінің арасында «Мен жастарға сенемін» интеллектуалды ойыны өткізілді. Балалар өз қабілеттерін көрсетіп, топтық жұмыстарда да белсенді ат салысып ойын нәтижесінде №34 жалпы орта білім беретін мектебінің "Ұлағат" тобы дәрежелі І орын иеленді. Жетекшісі мектеп тәлімгері Б.Қайратқызы.
