11
наурыз
2024
"Қызық екен" интеллектуалды ойыны
N34 жалпы орта білім беретін мектепте "Жайлы мектеп" жобасы аясында "Білімді ұстаз-талантты шәкірт" жобасын іске асыру мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.М.Абдукадирова "Қызық екен" интеллектуалды ойынын өтті.Ойын ережесі өте қарапайым, яғни, сұрақтарға дұрыс жауап беру бағытталған. Оқушыларға сұрақ қойып, сайысты қорытындылап отырады. Ойынға оқушылар қатысады, әр команданың өз капитаны бар. Капитанның қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруіне көмектесетін ойыншылары мен жанкүйерлері жиналған. Ойын барысында қатысушылар 12 сұраққа жауап берді. Сұрақтың 4 жауап нұсқасы бар. 12 сұрақтан кейін соңғы шешуші 13 сұрақ болады. 13-інші сұраққа жауап беру үшін ұпай тігіледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сол тіккен ұпай саны екі еселенеді. Ал егер бұрыс жауап берсе, ұпай саны шегеріледі. Қай топтың жинаған ұпай саны көп болса, сол оқушылар жеңіске жеттіі.

