10
қаңтар
2024
"Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбында айлығының ашылу
Мектептің оқу-тәрбие жоспарына сай 2024 жылдың 10 қаңтар күні математика, информатика және физика пәндерінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбында айлығының ашылу салтанаты өтті. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде білім алушылардың математика, информатика және физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Осы орайда
ашылу салтанатында білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру бағытында тапсырмалар орындалып, өз ойларынан шығарған жүрек жарды өлеңдерін арнап, жаратылыстану пәндеріне әсем әуендерін тарту етті. Ашылу салтанатына мұғалімдер мен 5-10 сынып білім алушылары қатысты.




