16
қаңтар
2024
"Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет" тақырыбында 8-11 сынып білім алушыларымен дәріс
Мектепте 2024 жылдың 16 қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева "Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет" тақырыбында 8-11 сынып білім алушыларымен дәріс өтті. Мақсаты: білім алушыларға құқықтық білім беру, құқықтық сана қалыптастыру. Дәріс барысында құқықтық тәрбие дегенімізге түсінік беріліп, жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептеріне тоқталып, тәртіп бұзушылық туралы айтты. Жасөспірімдер тәрбиесі отбасы, қоршаған орта, мектеп, ата-ана арқылы қалыптасатыны түсіндірілді. Білім алушыларға жағдаятты сұрақтар беріліп, пікір алмасты.
