11
желтоқсан
2023
"Қасіретім қуанышым" тақырыбында 8-9 сынып білім алушыларының қатысуымен дөңгелек үстел
16-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген мереке. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 32 жыл толды. Осы орайда жоспарға сай "Қасіретім қуанышым" тақырыбында 8-9 сынып білім алушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:
еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, білім алушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсете отырып, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында бүгінгі қуанышымыздың қандай еңбекпен келгендігіне тоқтала отырып, тәуелсіздік туралы ой бөлісті. Мемлекетіміздің ең үлкен жетістіктері туралы баяндама жасалды.
Жауапты: ДТЖО А.Ертаева
