18
қазан
2022
"Бейбіт елдің көк байрағы" тақырыбында 7-8 сынып білім алушыларының қатысуы мен дөңгелек үстел
Мектепте 2022 жылдың 19 қазанда 25-қазан Республика күніне орай жасалған іс-шаралар жоспарына сай ДТЖО А.Ертаеваның ұйымдастыруы мен"Бейбіт елдің көк байрағы" тақырыбында 7-8 сынып білім алушыларының қатысуы мен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарымызды дарыту, Отанын сүюге, ҚР-ң Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге баулу, оқушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында еліміздің Мемлекеттік Әнұраны орындалып, ДТЖО А.Ертаева барша білім алушыларды келе жатқан мерекеміз 25-қазан Республика күнімен құттықтады. Дөңгелек үстелге қатысқан білім алушылар "Ой талқы" бөлімінде "Қазақстан кеше....", "Қазақстан бүгін....", "Қазақстан ертең...." тақырыптарында ойларын ортаға салды. Қазақстанның өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, өздерінің тәуелсіз елде тұрып жатқандарына шын қуанатындарын жеткізді. Сонымен қатар болашақта өздерінің жақсы білім алып, Қазақстанның көркеюіне өз үлестерін қосатынына нық сенім білдірді.
