27
ақпан
2023
" Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес таңдау" атты тақырыбында дебат
#34 ЖОББМ " Алаш " дебатының жетекшісі Тулисбаева Г.А.кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыруға бағытталған онкүндүктің іс шара жоспарына сай 9,8 - сыныптар арасында " Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес таңдау" атты тақырыбында дебат өтті. Бірінші топ "Парасат" Екінші топ "Мұрагер" тобы болды. "Парасат" тобының спикері Ерғали Гүлім " Мен болашақта қандай қандай мамандықты" таңдасам екен?" немесе " Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?" деген ой мазалайтынын жеткізді." Мұрагер" тобының спикері Ашімбек Данагүл мамандықты таңдау үшін адам, алдымен өзін, өз бейімділігін тану қажет екендігін айтты. Дебат жетекшісі: мамандың таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау екенін түсіндірді.
