27
қазан
2023
"Ұзын шаш-қыздың көркі" тақырыбында шаш өру шебер сынып
Мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Отбасы орта мектеп" жобасы аясында "Даналық мектебі" клубының мүшесі жеңгелердің қатысуымен "Ұзын шаш-қыздың көркі" тақырыбында шаш өру шебер сынып өтті. Мақсаты: білім алушы қыздарымызды инабаттылыққа, ибалыққа, ізгілікке тәрбиелеу, ұлдарымызды қыздарды сыйлауға, әрқашан құрметтеуге баулу. Жеңгелер мектебінің мүшелері шаш өріп жатқанда қалған білім алушыларымыз қыздар, аналары туралы мақал-мәтелдер айтып, өлең шумақтарын арнады.
