
«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН»
атты аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысында №34 жалпы орта білім беретін мектептің
информатика пәнінің мұғалімі Абышева Динара «Ақылды робот – бағдарламалаушы зияткерлігінің көрінісі: LEGO Spike-ты Python тілінде бағдарламалау»
тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп,
арнайы сертификатқа ие болды.

Шебер сынып барысында қатысушылар LEGO Spike негізінде Python тілінде бағдарламалау мүмкіндіктерімен танысты. Роботты басқару, алгоритм құру және жасанды интеллект элементтерін қолдану бойынша тәжірибелік жұмыстар жасалды.

Конференцияның мақсаты – оқушылардың Puthon тілі дамыту, мұғалімдердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету және заманауи IT-білімді робототехника арқылы жетілдіру.

Іс-шара шығармашылық идеяларға жол ашып, ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.