28
ақпан
2025
"ШЖМ үздік мұғалімі" мектепішілік кәсіби байқау жоспарына сай, 3-сыныпта ашық сабақ
"ШЖМ үздік мұғалімі" мектепішілік кәсіби байқау жоспарына сай, 3-сыныпта қазақ тілінен "Болымды және болымсыз етістік " тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Сабақ мақсаты: Сөйлемнен сөз табы етістікті табу, болымды етістік пен болымсыз етістікті
Оқу мақсаты: 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау.
Сынып "Қазақ үй" арқылы топқа бөлінді. Өткенді пысықтау "Қоржын"әдісі арқылы өтті. Жаңа тақырыпты "Маршрут"ойыны арқылы анықтады . BilimLand платформасында бейнежазба арқылы сабақ түсіндірілді. "Виртуалды музей" әдісі арқылы Абай туралы, Абайдың "Ғылым таппай мақтанба"өлеңі оқылды, негізгі ойы анықталды. Өлеңнен болымды және болымсыз етістікті тапты."Биле,биле"әніне билеп сергіту сәтін орындады. "Сиқырлы қорап" әдісі арқылы сызбада берілген сөздерден мәтін құрастырып, болымды етістік пен болымсыз етістіктің айырмашылығын анықтады. 4d, kaviar платформаларында жұптық тапсырма орындалды."Сиқырлы корап" әдісімен оқушылар саралау тапсырмасын орындады."Киіз үй" әдісі арқылы кері байланыс алынды.Бағалау жүріп,үй тапсырмасы берілді.
![]() | ![]() | ![]() |