04
наурыз
2025
“Қызық екен” интеллектуалдық ойыны
Мектепте мұғалімдер арасында ұйымдастырылған “Қызық екен” интеллектуалдық ойыны – білім беру саласында жаңа идеялар мен білімнің өзара алмасуының ерекше түрі болды. Бұл ойынның негізгі мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және бір-бірімен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету болды. Сонымен қатар, мұғалімдерге өзара ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби деңгейлерін арттыруға мүмкіндік берілді.
Ойын барысында түрлі интеллектуалдық тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылды,шетелдегі мерекелер туралы, дүниежүзі бойынша қызықты мәліметтер мен тәжірибелер жүргізу тақырыптарын қамтыды. Әрбір тапсырма мұғалімдердің логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, командалық жұмыс және білімділік дағдыларын тексеруге бағытталған болды.
Жауаптылар:
Керимов Азимбек
Абдукадирова Жанна
Тулисбаева Ғалиа
![]() | ![]() | ![]() |