2021-2022 оқу жылында №34 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп асханасының жұмысын тексеру туралы анықтама
№34 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылында мектеп асханасының тамақтану сапасына мониторинг жүргізілгендігі туралы тексеру
Анықтамасы
Мерзімі:25.02.2022ж.
№34 жалпы орта білім беретін мектеп асханасына тамақтану сапасын мониторингін жүргізу жөніндегі құрамы мектеп асханасының жұмысын тексеру АКТІСІ жасалынып, төмендегі қол қойғандар, мектеп асханасының жұмысын тексерді. Тексеру барысында төмендегілер анықталды.Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары, күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі, асхананың жұмыс кестесінің сақталуы, сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралықты сақтау, ауыз су режимін ұйымдастыру, бақылаудағы тағамның болуы, отыратын орындар саны, Қол жуатын раковиналардың саны-2, сабынның болуы, жиһаздың жағдайы, асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі қанағаттанарлық деп анықталды. Механикалық желдетудің жай-күйі, жерге резеңке кілемшелердің болуы, нан сақтауға арналған сөрелерді өңдеуге арналған 1% сірке суы ерітіндісінің болуы, ыдыс жуу ережесі маңдайшасының болуы, тамақпен байланысты емес тауарларды сатудың болуы, асханалық аспаптарды дұрыс сақтау (кассеталардың болуы және қасықтарды, шанышқыларды жоғары қаратып сақтау ), тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы, Тамақпен байланысты емес тауарларды сатудың болуы, кептіргіштердің болуы қарастырылмаған.
Ұсыныс:
- Механикалық желдетудің жай-күйі, жерге резеңке кілемшелердің болуы қарастырылсын.
- Ыдыс жуатын орынға,ыдыс жуу ережесі маңдайшасы жасалынсын.
- Тыйым салынған тағамдар мен өнімдер сатылмасын.
Посмотреть онлайн файл: 25_02_2022zh-akt-anytama.doc