

2021-2022 оқу жылының өзекті міндеттерінің бірі өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және білімін толықтыру болып табылады. № 34 ЖОББМ білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша әдістемелік кеңес өткізіліп, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалынып, қосымша сабақтардың кестесі бекітілді. Барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізіп, бақылау нәтижелері бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін әрбір педагог жоспар әзірлеп жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына мониторинг жүргізіліп,қыркүйек айында 0-дік бақылау жұмыстары алынып,талдау жүргізілді.
Пән мұғалімдерді олқылықтардың орнын толтыру үшін білім алушылармен жеке жұмыстар,қосымша сабақтар өткізіп,тиянақты жұмыс жүргізуде