Материалы за Наурыз 2025 года » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2025 года
Әдістемелік кеңес
31
наурыз
2025
Әдістемелік кеңес
31.03.2025 жылы метептің оқу-тәрбие жоспарына сай әдістемелік кеңес өтті. Кеңесте ДОТІЖО А.Ахилбаева   оқу-әдістемелік  басылымдарды әзірлеу және авторлық оқу бағдарламасын  дайындауға арналған  нұсқаулықпен таныстырды.  Оқу бағдарламасының функциялары  оны құрастыруға қойылатын талаптар  мен  бағдарламасының құрылымы туралы түсіндірді. Сондай-ақ математика пәнінің мұғалімі Р.Кузембекова "оқушылардың  функционалдық сауаттылығын сабақта арттыру жолдары"тақырыбында коучнг өтті.
«Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу
31
наурыз
2025
«Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу
№34 ЖОББМ бойынша 9-11 сынып қызбалаларымен  «Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтілді. Мақсаты: Қыз балаларға ұлттық құндылықтарды, тәрбие негіздерін, ата-баба дәстүрлерін насихаттау, олардың рухани және әлеуметтік дамуын қолдау. Ұлттық құндылықтарды насихаттау: Қыз балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары мен ұлттық ерекшеліктері туралы түсінік беру. мектеп психологы. Нурмаханбетова Г.А.
Педагогикалық кеңес
28
наурыз
2025
Педагогикалық кеңес
28.03.2025 жылы кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте күн тәртібінде қаралған мәселелер:                                                  1. ІІІ-тоқсанның қорытындысы, білім сапасының  мониторингісі  2. Дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарының жүзеге асырылуы 3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  4. Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
Ата-аналардың эмоционалды күйреуі: оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?
28
наурыз
2025
Ата-аналардың эмоционалды күйреуі: оны қалай болдырмауға және жеңуге
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 10-11 сыныптар арасында ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағы өтті. Тақырыбы: Ата-аналардың эмоционалды күйреуі: оны қалай болдырмауға және жеңуге болады? Мақсаты: Ата-аналарға эмоционалды шаршаудың себептері, белгілері және оларды алдын алу мен жеңу жолдары туралы түсінік беру. Негізгі мәселелер: Эмоционалды шаршау дегеніміз не?, Эмоционалды шаршаудың негізгі себептері туралы ой бөлісті. Эмоционалды шаршаудың кезеңдері: шыдамдылық кезеңі,
“Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз” челленджі
27
наурыз
2025
“Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз” челленджі
“Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз” челленджі  Мақсаты: Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани дамуға жол ашу және оқырмандар арасында мәдениетті кеңінен насихаттау. Кітап – тек білімнің көзі емес, тұлғалық өсу мен ой-өрісті кеңейтудің басты құралы. Осы челлендж арқылы күнделікті кітап оқу әдетін қалыптастырып, өзгелермен әсерлі ойларымызды бөлісіп, бір-бірімізді шабыттандырайық! Кітапханашы: Шакирова А.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Жер сағаты" экологиялық акциясы
20
наурыз
2025
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Жер сағаты" экологиялық
№34 ЖОББМ-де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Жер сағаты" экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектебімізден құрылған "Жасыл қадам" эко волонтерлар тобы ат салысты. "Жасыл қадам" тобы арнайы ыдыстарға гүлдер отырғызды.  Жауапты: биология пәні мұғалімі А.Еркехожаева #біртұтас_тәрбие#меркіауданы#34жоббм
«Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты
20
наурыз
2025
«Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты
2-сыныпта Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.  Мақсаты: -Дәстүрлерді сақтау және құрметтеу; - Халқымыздың әдет –ғұрып  , салт- дәстүрлеріндегі   ұлттық  мейрамның  ерекшелігі  неде  екендігін  бала  санасына тереңдете түсіндіру; Сабақ барысында бейнебаян көрсету арқылы, Наурыз мерекесі туралы түсінік берілді. "Наурыз көже" әдісі арқылы мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешілді. "Наурыз - думан" әні айтылды. Сынып жетекшісі: Туребаева З.Д.
Демалыс кезінде қауіпсіздік ережелері
20
наурыз
2025
Демалыс кезінде қауіпсіздік ережелері
8-сынып оқушыларына  сынып жетекшісі А. Акылбаева көктемгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыс жасады. Су қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері туралы айтты
"КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ"
20
наурыз
2025
"КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ"
"КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" Мектепте 2025 жылдың 20 наурыз күні 1-11 сынып білім алушыларының және сынып жетекшілерінің қатысуы мен бала қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында лездеме өтті. Мектеп директоры К.А.Боржуков білім алушыларға көктемгі каникулда жақсылап демалып, қауіпсіздік шараларын (жолда жүру ережесін сақтау, өзен. көлдердегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, көкпар ойынына бармау) сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын