21
ақпан
2025
«Сарқылатын ресурстар. Айқындауыштың түрлері»
Мұғалім: Ахмет Қуанышкүл
Күні: 19 ақпан 2025 жыл
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: «Сарқылатын ресурстар. Айқындауыштың түрлері»
Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың білім деңгейін жоғарылату; оқушылардың оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, жинақы мәтін жазу дағдысын жетілдіру;
Айқындауыш мүшелерді сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйрету.
Сабақтың барысы:
Сабақ барысында өткенді қайталау мақсатында "b.socrative" платформасы арқылы оқушылар білімдерін тексерді; жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға бейнежазба ұсынылып, «Тыңда да, бөліс» әдісі арқылы тақырыпқа қызығушылықтары оятылды. «Кубик» әдісі арқылы оқушыларға Қазақстанның табиғи ресурстары, олардың сарқылу қаупі және балама энергия көздері туралы топтық тапсырмалар берілді. Оқушылар QR кодты сканерлеу арқылы тапсырмаларға жауап беріп, өз ойларын білдірді,топтық жмыс жасады. Топтық жұмыс жасау арқылы оқушылардың арасында бірлік және ынтымақ құндылығы артты.
Айқындауыштың түрлерін меңгерту мақсатында тақтамен жұмыс жүргізілді. Жеке жұмыс барысында оқушылар тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазды. Сабақты бекіту барысында learningapps платформасы арқылы айқындауыш туралы білімдерін бекітті. Сабақ соңында оқушылар «Парашют» әдісі арқылы рефлексия жасап, алған білімдерімен бөлісті.
Нәтиже:
Оқушылар




Сабақ мақсатына толықтай жетті. Оқушылардың деңгейін жоғарылату мақсатындағы платформалар мен әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды.
Қорытынды:
Сабақ оқушылардың белсенді қатысуымен, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды. Болашақта оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға бағытталған тапсырмалар көбейтілуі ұсынылады.
