17
қыркүйек
2025
"Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру"
№34 ЖОББМ "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" онкүндігінің жоспарына сай 3-сыныпта «Дәмдінің бәрі пайдалы ма?» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Дәрумендер туралы айтылды. Дұрыс тамақтану туралы видеролик көрсетілді.
Екі топ сәбіз, алма және балық, сүттің адамға пайдасы туралы өз білетіндерін айтты және одан қандай тағамдар жасалатынын айтып берді. Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек екендігін, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керектігін, спортпен айналысып, тазалық сақтау керек екендіктерін жақсы түсінді.
Бұл тәрбие сағаты арқылы оқушылар денсаулыққа зияны жоқ пайдалы тағамдарды білді.
Сынып жетекшісі: Туребаева З.Д.
![]() | ![]() |