12
сәуір
2023
1-сынып-Заттың атын білдіретін сөздер
N34 ЖОББМ «Өз жұлдызыңды жақ,жас маман» жас мамандар онкүндігіне сәйкес 1-сынып мұғалімі Мұсаева Г. ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы:«Заттың атын білдіретін сөздер». Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қою арқылы ажыратады, орынды қолданады. Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді. Үй тапсырмасы «Wordwall» платформасымен пысықталды. Жаңа сабақ тақырыбын «Блиц-турнир» сұрағы арқылы ашты. Сабақ барысында жеке жұмыс «Футбол»ойыны, жұптық жұмыс «Пазл»әдісі, топтық жұмыс «Планшет» ойыны арқылы түрлі тапсырмаларды орындады. Сабаққа кері байланыс «Тикток» әдісі арқылы берілді.
