29
қыркүйек
2023
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері.
№34 жалпы орта білім беретін мектебінің Жас мамандарға арналған "Ашық есік" күніне орай биология пәнінің мұғалімі Сабырханова Г. ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері.
Мақсаты:
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін сипаттау.
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал қалыптастырды.
Үй тапсырмаы "Менен сұрақ-сенен жауап " әдісі арқылы тексерді.
Топқа қағаз қимадағы суреттерді құрастыру бойынша 2 топқа бөлінді. 1топ -Омыртқасыздар
2-топ Омыртқалылар
Жаңа сабақ тақырыбы топқа бөліну бойынша ашылды.
Топтық жұмыс "Кім жылдам " әдісі арқылы орындалды. Топ мүшелері тақырып бойынша жауап берді.
Функционалдық сауаттылық бойынша оқушыларға тақырып бойынша тапсырма беріліп, оқушылар өз түсініктері бойынша орындады.
Тақырыпқа сай бейне роликтер көрсетілді.
Сабақты "Өзіңізді тексеріңіз" әдісі мен қорытындылады.Оқушылар бірін бірі бағалап, мұғалім қосымша бағалады.
