7-сәуір –Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай өтілген іс-шара
Жамбылская область Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №34 жалпы білім беретін мектебі бойынша 7-сәуір –Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай өтілген іс-шаралар туралы
Информацияы
№34 ЖББМ мектебінде 1-5 сәуір аралығында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жоспар жасалынып, бекітілді. Жиын өткізіліп 7-сәуір күнінің адам өміріндегі маңызы мен мақсаты айтылып түсіндірілді. Онда «Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру. Салауатты өмір салтан қалыптастыру. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына жол ашу. Ең бастысы денсаулықты сақтау өз қолымызда екендігін, денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталатындығы туралы кеңестер берілді.
1.04.19. Мектеп медбикесі Тыналиева Қарлығаш 5-6 сынып оқушылары аралығында «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбында дәріс өткізді.


2.04.19. 10-11 сынып оқушылары аралығында сынып жетекші: Күзембекова Р. «Дені саудың – жаны сау!» тақырыбында тренинг сабақ өтілді.



3.04.19. 9- сынып жетекшісі Еркехожаева А. «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық сынып сағатын өтті.



4.04.19. «Денсаулығым бар байлығым» тақырыбында 5-сынып жетекшісі Муртазаева Г. тәрбие сағатын ұйымдастырды.



5.04.19. сағат 10:00-де таңертеңгілік бой жазу жаттығулары 1-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында жасалынды.




6.04.19ж. 1-4 сынып оқушылары аралығында «Көңілді сөре» эстафеталық ойын. 5-7 сынып аралығында қысқа қашықтық 60 м. Ұлдар қыздар және эстафеталық жарыс 4 -50 спорттық ойын «Кіші футбол».



