13
қараша
2019
Тамақтану сапасына мониторингі жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
№34 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтануды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді. Асхана санитарлық нормаға сай. Асханада «Денсаулық бұрышы», «Асхана бұрышы» ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылау үшін бракераждық комиссия құрылған, құрамы бекітілген, іс-шаралар жоспары жасалынған. Мектепте бір мезгіл ата-аналар есебінен ыстық тамақпен 100 пайыз, яғни 92 оқушы қамтылған. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы жағдайын тексеру барысында комиссия мүшелері асхананың «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына сәйкестігін қарады. Асхананың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес екендігі тексерілді. Тексеру барысында перспективалық, екі апталық ас мәзірі жасалған. Осыған орай мектеп медбикесі З. Кенжетаева тарапынын күнделікті ыстық тамақ жасауға ас мәзірі жасалынып, ілінген. Дайындалып жатқан тағамдар ас мәзіріне сәйкес. Тәуліктік сынама алынған. Тамақ өнімдерінің сапалығына, тағамдарды дайындау технологиясына , тоңазытқыштық технологиялық жабдықтардың жарамдылығына , дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне жүргізілген ас мәзірі бойынша қадағаланған. Школьникам берілетін қайнатылған ауыз су күнделікті мерзімі жазылып, ауыстырылып отырады. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Шағымдар мен ұсыныстар кітабы бар, ата-аналар ұсыныстарын жазып отырады.