01
наурыз
2019
«Алғыс айту- мейірімділік бұлағы» тақырыбында іс-шара өткізілді
№34 жалпы білім беретін мектебінде 1 наурыз-Алғыс айту күніне «Алғыс айту- мейірімділік бұлағы» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс шараның мақсаты: оқушылардың үлкен — кішіге деген құрметін арттыру, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Мерекелік іс-шараға 5-8 сынып оқушылары қатысты. «Менің сізге алғысым шексіз» тақырыбында 7-8сынып оқушылары «Best видео» жобасын қорғады. Оқушылар мұғалімдерге ризашылығын білдіре отырып өздерінің өлең шумақтарын арнады. 5-8 сынып оқушылары флешмоб биледі. Біріңғай сынып сағаттары өткізілді.