08
мамыр
2025
«Бүгінгі жас маман- ертеңгі бас маман» мектепішілік жас мамандар байқауы
«Бүгінгі жас маман- ертеңгі бас маман» мектепішілік жас мамандар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін дамыту арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Байқауға көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Қалдыбай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Ахмет, химия пәнінің мұғалімі А.Джумагулова қатысты.
Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:
І - Таныстыру сайысы «Шығармашылық жолдың бастамасы»
ІІ - «Өнерлінің өрісі кең»
ІІІ - «Менің педагогикалық қызметім»
ІV - кәсіби сайыс
V - Логикалық қызықты сұрақтар және кейстер шешу. Жас мамандар өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсетті.
