30
сәуір
2024
«Бүгінгі жас маман- ертеңгі бас маман» мектепішілік жас мамандар байқауы
Мектепте «Бүгінгі жас маман- ертеңгі бас маман» мектепішілік жас мамандар байқауы өтті. Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Байқау 1.Таныстыру сайысы 2.«Өнерлінің өрісі кең» 3.«Менің педагогикалық қызметім» 4.Төртінші кәсіби сайыс: 5.Логикалық қызықты сұрақтар және кейс шешу кезеңдерінен тұрды. Бас жүлде химия пәнінің мұғалімі Төкен Ұлбосын, І орын мектеп тәлімгері Қайратқызы Бағдат, ІІ орын көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қалдыбай Мадина алып, марапатталды.
