02
ақпан
2022
"Лучший қысқа мерзімді сабақ жоспары" байқауы
№34 жалпы орта білім беретін мектептің әдістемелік кеңес жоспарына сай директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақылбаева Айгүлдің ұйымдастырумен "Лучший қысқа мерзімді сабақ жоспары" байқауы өтті. Байқауға биология пәнінің мұғалімі Еркехожаева Алтынкүл, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нұрмаханбетова Гульнара,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муртазаева Гульнара,математика пәнінің мұғалімі Ертаева Айнұр қатысты. Қысқа мерзімді сабақ жоспарында педагогтердің оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың құрылымдық кезеңдерінің сақталуы,әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануы,оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды тиімді жоспарлауы,бағлау жүргізуі сараланды. Байқауда "үздік қысқа мерзімді сабақ жоспарларын" ұсынғаны үшін биология пәнінің мұғалімі Еркехожаева Алтынкүл І дәрежелі мадақтамамен марапатталды.




