07
сәуір
2021
"Сау болу -сәнді" акциясы өтті.
№34ЖОББМ 7 сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Сау болу -сәнді" акциясы өтті. Акцияны мектеп директоры Е. А. Далиев құттықтау сөзімен ашып, іс- шараның мақсат міндетін, онда адамға қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп өтті. Әлемде орын алған пандемиялық ахуалға байланысты іс-шара барлық карантин талаптарын сақтай отырып, оқушылар кіші топтарға біріктіріліп, таза ауада өткізілді. Акция барысында мектеп медбикесі Кенжебаева З. Мектепке келген ұстаздар, кіші қызметкерлердің қан қысымын өлшеді. Окушылар әлеуметтік ара қашықтықты сақтап сапқа тұрып дене жаттығуларын жасап, 6- сыныпта 100 м. 1000м. жүгіру, 5- сыныпта эстафеталық ойындар, 1-2 сыныптарда "көңілді сөре" ойындарын ойнаса, 9-10 сыныптар баскетболдан жарыс өткізді. Акция соңында жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттарымен марапатталды.
