04
мамыр
2018
Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан
№34 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» тақырыбында фестиваль өтті
Фестивальге 5-8 сынып оқушылары қатысып қазақ, өзбек, орыс, кәріс халықтарын таныстырып, өнерлерін насихаттап, салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарын көрсетті. Фестивальде мектеп директоры Е.А.Далиев сөз сөйлеп, оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман екендігін айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестиваль соңында жүлделі І орын мен 5 сынып оқушылары, ІІ орын мен 8-сынып оқушылар, ІІІ орын мен 6-7 сынып оқушылары марапатталды.