01
сәуір
2021
"Лучший мекеме ауласы"
Меркі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы N75 "Ауылдағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы" Қаулысы негізінде 2021 жылдың 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында "Лучший мекеме ауласы" атты көгалдандыру акциясы аясында мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары #34 жалпы орта білім беретін мектебінде де жалғасуда. 17 күні сәуір күні мектеп ұжымы мен оқушылары бірінғай сенбілікке қатысты. Сенбілік барысында мектептің ішкі, сыртқы ауласы қоқыстан тазаланып, мектеп жанындағы ескерткіш тақтайша сырланып, жеміс ағаштарының түптері әктеліп, ауылдағы столбтар әктеліп, қызыл түсті краскамен жолақ салынды. Ағайлар ауыл маңайындағы құрайларды, жабайы өскен бұталарды шауып, тазартты.
