24
қаңтар
2023
"Өз-өзіңді қорғаудың 8 тәсілі" тақырыбында кеңес
Педагог- психолог: Нурмаханбетова Г. А. 5-6 сынып оқушыларына "Өз-өзіңді қорғаудың 8 тәсілі" тақырыбында кеңес беріп, жадынама таратты. Жеткіншекке жадынама Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң, сен сол қиын жағдайдан, өзің қиналмай шығасың- деген сөздерден бастау алып өз- өзіңді қорғаудың 8 тәсілі, тақырыбымен жадынама таратылды. Нәтижесінде оқушылар жақсы ойлар ойлау, көңілді жүру, күн тәртібін дұрыс қолдану, әлімжеттік, зорлық- зомбылыққа қалай душар болмау керек?, Әлімжеттіктің құрбаны болсаң не істеуің керек?- деген сауалдарға жауап ала алды.
