30
қыркүйек
2022
"Өзіңді таны" тақырыбында дамыту сағаты
#34ЖОББМ психологы: Нурмаханбетова Г.А. 5-сынып оқушыларымен қарым-қатынастың белсенді стилін орнату, ашық сөйлеуге, өзіндік "Мен тұжырымдамасын" айқындайтын, өзін-өзі тану өзгелермен жылы қарым-қатынас орнату, өзін-өзі түсіну және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Өзіңді таны" тақырыбында дамыту сағатын өткізді. Онда "мен кіммін, Мен,мен,мен. "Өзіңді ғана емес,өзгені де таны" жаттығулары жүргізілді. "Жеткіліксіз орындықтар" ойынына қызығушылық білдіріп бәрі ойнағысы келді. "Мен кіммін" жаттығуы барысында өз есімдерін ұнату арқылы бес саусақ арқылы өздерін жақсы деңгейде бағалай білді. Дамыту сабағы өз деңгейінде өтілді.
