29
қараша
2022
"Ренішті қалай кешіруге болады" тақырыбында тәрбие сағаты
#34 ЖОББМ психологиялық жағдайды нығайтуға бағытталған күзгі айлығының іс- шаралар аясында "Ренішті қалай кешіруге болады" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Адамгершілікке, имандылыққа , шындыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар бір біріне жақсы тілек айтудан бастады. "Ой шақыру" Оқушылар " реніш" пен "кешіру" туралы өз ойларын топтастырды. " Өзіңді - өзің тани біл" Оқушылар "Мен кіммін , қандаймын? " деген сұрақтарға жауап жазды. Қорытынды: Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір - біріне кешірімді , мейірімді, иманды болуға шақырды.
