07
наурыз
2024
"Әлем анамен әдемі" мерекелік кеш
"ӘЛЕМ АНАМЕН ӘДЕМІ..." ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді демекші мектебімізде 8 наурыз аналар мерекесіне орай барша қызғалдақ қыздарымыз бен ұстаздарға, ардагер ұстаздар мен ауыл аналарына арналған мерекелік концерттік кеш өтті. Мерекелік кеште мектеп директоры К.А.Боржуков аналарды, қыздарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әсем әуендер айтылып, мың бұралған бүлдіршін қыздарымыз би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Ана тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Мереке құтты болсын аяулы қыздар, ардақты аналар







