30
қыркүйек
2022
"Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында мерекелік концерт
Бүгін 2022 жылдың 30 қыркүйегінде мектепте ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертте мектеп директоры Е.А.Далиев ұстаздарға жүрек жарды тілегін білдірді. Кештің құрметті қонақтары мектебіміздің ардагер ұстаздарыда өз тілектерін білдірді. Құрметті алтындай ардақты,ойы ұшқыр, білімі терең, ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді бүгінгі келіп жеткен төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік пен толағай табыс тілейміз.