06
қыркүйек
2023
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында 5-10 сынып қыздары арасында жиналыс
Мектепте 2023 жылдың 6 қыркүйек күні "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында 5-10 сынып қыздары арасында жиналыс өтті. Мектеп директоры К.Боржуков жиналысты ашып, қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. ДТІЖО А.Ертаева жеке гигиена туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

