27
желтоқсан
2022
ЗОЖ мамандарымен "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай" тақырыбында кездесу
#34ЖОББМ бойынша мектеп қызбалаларымен ерте жүктіліктің алдын алу жоспарына сай ЗОЖ мамандарымен "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай" тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты: жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл кеңестер беру. ДТІЖО: Ертаева А. кіріспе сөз сөйлеп, келген қонақтармен таныстырып өтті. Психолог: Нурмаханбетова Г. "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай" тақырыбында түсіндірме жұмысын өтті. ЗОЖ дәрігері Х.Ж.Әдешова қыз баланың денсаулығына әсер ететін мәселелер жөнінде көрнекі құралдарды көрсете отырып ақыл кеңес беріп өтті. Кездесу өз алдына қойған мақсатына жетті. Қыздар өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар ала алды.
