21
желтоқсан
2022
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында аналармен қыздар арасында дөңгелек үстел
Мектепте 2022 жылдың 21 желтоқсан күні "Ана мектебі" жұмыс жоспарына сай "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында аналармен қыздар арасында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қыз тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жайлы пікір алмасу. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым - қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Осылардың бәрін қорта келгенде «Қыз болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі».
