Материалы за 18.10.2022 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 18.10.2022
"Бейбіт елдің көк байрағы" тақырыбында 7-8 сынып білім алушыларының қатысуы мен дөңгелек үстел
18
қазан
2022
"Бейбіт елдің көк байрағы" тақырыбында 7-8 сынып білім алушыларының
Мектепте 2022 жылдың 19 қазанда 25-қазан Республика күніне орай жасалған іс-шаралар жоспарына сай ДТЖО А.Ертаеваның ұйымдастыруы мен"Бейбіт елдің көк байрағы" тақырыбында 7-8 сынып білім алушыларының қатысуы мен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарымызды дарыту, Отанын сүюге, ҚР-ң Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге баулу, оқушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында еліміздің Мемлекеттік Әнұраны орындалып, ДТЖО А.Ертаева
" VII дәстүрлі Шерхан Мұртаза"оқулары байқауы
18
қазан
2022
" VII дәстүрлі Шерхан Мұртаза"оқулары байқауы
Аңсаған арманын,қазақ халқының өмірі мен әлеуметтік,рухани бейнесін  қамтитын Шерхан Мұртазаның шығармашылығын насихаттау мақсатында Меркі ауданында " VII дәстүрлі Шерхан Мұртаза"оқулары байқауы өтті.Аталған байқауда  34 ЖОББМ 9-сынып білім алушысы Әжіхан Айбану белсенділік танытып, ІІ орынды қанжығасына байлап,ОБЛЫСТЫҚ "ШЕРХАН ОҚУЛАРЫНА" ЖОЛДАМА АЛДЫ .Жетекшісі:қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі:Догдырбаева Б.А
"Қорытынды аттестаттау және ЕНТ-ге дайындық" жұмыстары бойынша түсіндірме жүргізд
18
қазан
2022
"Қорытынды аттестаттау және ЕНТ-ге дайындық" жұмыстары бойынша
№34 жалпы білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларының ата-аналарына ДОТІЖО: Ақылбаева А. "Қорытынды аттестаттау және ЕНТ-ге дайындық" жұмыстары бойынша түсіндірме жүргізді. Қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеудің нормативтік-құқықтық базасы, өтілетін мерзімі, таңдау пәндері мен ол пәндер бойынша қанша мамандық түрі бар екендігін, жазбаша және ауызша емтихан түрлеріне тоқталды. Жәнеде ЕНТ-дің жаңа форматы туралы мағлұмат берді.
"Парасатты отбасы" байқауы
18
қазан
2022
"Парасатты отбасы" байқауы
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Осы орайда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбылская область бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен аудандық "Парасатты отбасы" байқауына мектебіміздің атынан Айтымбетовтар отбасы қатысып, өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп "Салауатты отбасы" номинациясы мен марапатталды.
"Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында 3-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы
18
қазан
2022
"Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында 3-6 сынып оқушылары арасында
Мектептің тәрбие жоспарына сай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Г.Акимбекованың ұйымдастыруы мен "Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында 3-6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өтті. Нәтижесінде 5-сынып оқушысы Ержан Аружан жүлделі ІІІ орын, 4-сынып оқушысы Сәкен Айзере ІІ орын, 5-сынып оқушысы Қошығұл Мейірлан І орын иеленіп, марапатталды. Жас суретшілерімізге сәттілік тілеп, қаламдарың ұштала  берсін дейміз!