Материалы за Қыркүйек 2022 года » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Қыркүйек 2022 года
"Өзіңді таны" тақырыбында дамыту сағаты
30
қыркүйек
2022
"Өзіңді таны" тақырыбында дамыту сағаты
#34ЖОББМ психологы: Нурмаханбетова Г.А. 5-сынып оқушыларымен қарым-қатынастың белсенді стилін орнату, ашық сөйлеуге, өзіндік "Мен тұжырымдамасын" айқындайтын, өзін-өзі тану өзгелермен жылы қарым-қатынас орнату, өзін-өзі түсіну және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Өзіңді таны" тақырыбында дамыту сағатын өткізді. Онда "мен кіммін, Мен,мен,мен. "Өзіңді ғана емес,өзгені де таны" жаттығулары жүргізілді. "Жеткіліксіз орындықтар" ойынына қызығушылық білдіріп бәрі ойнағысы келді.
"Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында мерекелік концерт
30
қыркүйек
2022
"Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында мерекелік концерт
Бүгін 2022 жылдың 30 қыркүйегінде мектепте ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертте мектеп директоры Е.А.Далиев ұстаздарға жүрек жарды тілегін білдірді. Кештің құрметті қонақтары мектебіміздің ардагер ұстаздарыда өз тілектерін білдірді. Құрметті алтындай ардақты,ойы ұшқыр, білімі терең, ұлағатты ұстаздар! Сіздерді бүгінгі келіп жеткен төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт,
"Алты алаштың ақ найзасы -Асанбай"атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы байқауы
30
қыркүйек
2022
"Алты алаштың ақ найзасы -Асанбай"атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы
Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі "Алты алаштың ақ найзасы -Асанбай"атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы байқауын өткізді.Мүшәйраның мақсаты:елімізде орын алып отырған саяси-әлеуметтік оқиғаларға жастардың да қатысы бар екендігін,олардыңда бойында елжандылық,отаншылдық қасиеттер болу керек екендігін ұғындыру.Бұл байқауда да 34 ЖОББМ оқушылары белсенділік танытты.Атап айтсақ,9-сынып оқушысы Әжіхан Айбану 2-орынды иеленді.Байқаудың өткізілгендігі "Меркі тынысы"газетіне де
"Ұстазыма мың алғыс"
28
қыркүйек
2022
"Ұстазыма мың алғыс"
Ұстаз- ұлы есім демекші, ұстаздар мерекесіне орай "Ұстазыма мың алғыс" тақырыбымен N34 ЖОББМ ұжымын Түркия қаласында білім алып жатқан түлектеріміздің жүрек жарды құттықтаулары! #
Бала қауіпсіздігі басты назарда
28
қыркүйек
2022
Бала қауіпсіздігі басты назарда
"Бала қауіпсіздігі-басты назарда" осы орайда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева мен мектеп инспекторы А.Алишев 7-9,  10-11 сынып оқушылары мен ауыл төңірегіндегі қауіпті аймақтар мен балаларды түнгі мезгілде яғни сағат 22.00 - ден кейін заңды өкілінсіз көшеде жүрмеуі туралы, бопсалау мен кибербуллинг туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жолда жүру ережелері туралы тағыда қосымша ақпараттар айтылды.
"Дұрыс тамақтану ережесі" тақырыбында сынып сағаты
27
қыркүйек
2022
"Дұрыс тамақтану ережесі" тақырыбында сынып сағаты
Қыркүйек айының 27 күні N34 жалпы орта білім беретін мектебінде сынып жетекші Муртазаева Г 9- сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану ережесі" тақырыбында сынып сағатын  өтті. Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кенейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,  денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.