«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы»
мектеп директоры Е.А.Далиев педагогтарға 2022 жылы 1 қыркүйекте «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы» туралы айтты. Мектеп директоры өз сөзінде биылғы жолдау 5 бағдардан тұрғандығын яғни бірінші бағдар: жаңа экономикалық саясат 9 бөлімшеден тұратынын, екінші бағдар: нақты секторды дамыту, үшінші бағдар: ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция; төртінші бағдар: мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту; бесінші бағдар: заң және тәртіп екендігіне тоқталды.