18
маусым
2025
"Достық" жазғы сауықтыру лагерінде "Театр" күні
"Достық" жазғы сауықтыру лагерінде "Театр" күні ерекше көңілді өтті. Іс-шараға "Шабыт", "Алау", және "Жалын" топтары белсене қатысты. Балалар өз топтарымен шағын сахналық қойылымдар дайындап, актерлік шеберліктерін көрсетті. Түрлі заманауи көріністер сахналанып, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Бұл күн балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сахнада өз-өзін еркін ұстауға, ұжыммен жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Театр күні ұмытылмас сәттерге толы болып, балалардың есінде жарқын естелік болып қалды.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |