17
маусым
2025
"Шабыт" тобында "Телефон көмекші ме, әлде тәуелділік пе?" тақырыбында пікір-сайыс
"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобында "Телефон көмекші ме, әлде тәуелділік пе?" тақырыбында пікір-сайыс өтті. Мақсаты – оқушылардың ұялы телефонның пайдалы және зиянды тұстары жайлы білімін арттыру, сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, қарсы пікірді тыңдау және дәлелдеу қабілеттерін дамыту. Пікір-сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, түрлі мысалдар мен дәлелдер келтіріп, қызу пікірталас жүргізді. Шара өте әсерлі өтті, оқушылар белсенділік танытып, ұялы телефонды тиімді қолдану туралы өз ойларын қалыптастырды.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |