13
маусым
2025
"Достық" сауықтыру лагерінің жоспары аясында «4 элемент» тақырыбында жаттығу
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Достық" сауықтыру лагерінің жоспары аясында «4 элемент» тақырыбында жаттығу өтілді. Мақсаты: жылдам ойлау мен қозғалу дағдыларын қалыптастыру. Қатысушылар шеңберге тұрады, тәлімгер бірінші болып ойынды бастайды. Қарсы тұрған оқушыларға «Ауа» дегенде құстың атауын, «Жер» дегенде жануар атауын. «Су» дегенде теңіз жәндіктерінің атауын жылдам айтып немесе қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді. Ал «От» деп атағанда ештеме айтпаулары керек, бірақ барлық оқушылар қолдарын көтеріп «ГУУУ» деп айқайлау керек. нәтижесінде Оқушылар белсене қатысты, жылдам айта алды, үлкен қызығушылықпен атсалысты.
Жауапты мектеп психологы: Нурмаханбетова Г.А.
