04
маусым
2025
"Рәміздерім – мақтанышым"
"Достық" сауықтыру алаңында "Балдырған" тобында "Рәміздерім – мақтанышым" тақырыбындағы танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты:
- ҚР мемлекеттік рәміздері туралы білім беру;
- Рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сабақ барысында оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұранның шығу тарихы мен мағынасы, авторлары жайлы мәлімет алды. Ой бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. "Менің елім – менің рәміздерім" тақырыбында сурет салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сабақ соңында оқушылар өз рәміздеріне деген құрметін білдіріп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін айқын көрсетті. Жауапты: Г.Мұсаева, М.Қалдыбай
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |