17
қазан
2024
“Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттырайық!” бракераж комиссиясының отырысы
Мектепте “Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру” тақырыбындағы он күндіктің өтуі барысында 17.10.2024 жылы “Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттырайық!” тақырыбында бракераж комиссиясының отырысы өтті. Комиссия мүшелері мектептегі ыстық тамақтың жай-күйі, сапасы, мөлшерін бақылады. Сонымен қатар мектеп асханасындағы ыдыс-аяқтардың сақталуын, мөрленуін, бүлінген ыдыстардың қолданыстан шығуын, ауыз су режимінің сақталуын, мәзірге сай тамақтың берілуін қадағалап, тексерді.


