10
қазан
2024
"Тамақтану мәдениеті" тақырыбында тәрбие сағаты
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде "
Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру онкүндігінің жоспарына сай 4-сыныпта "Тамақтану мәдениеті"
тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Мақсаты:
Оқушылардың жақсы денсаулығының жан-жақты дамуының кепілділігі тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатындығын түсіндіру.
Дастархан басындағы адамның
өзін -өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Сабақты мұғалім дұрыс тамақтанудан бастап,
дастархан басындағы адамның өзін-өзі ұстау әдебі туралы сұрақтар қойып,
оқушының ойы тыңдалды.Адам ағзасына қажетті
тағамдық заттардың ерекшелігі,
оларды пайдалану тиімділігі түсіндірілді.
Дұрыс тамақтану адам өміріндегі маңыздылығы туралы айтылды .Дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениеті туралы видео ролик көрсетілді.Сабақ соңында оқушылар тамақтану мәдениеті туралы қосымша ақпараттар алды.
