Ашық есік күні
Мектебімізде қараша айының 29-шы жұлдызында жоспарға сай мектеп асханасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс жүргізуімен танысу мақсатында ата-аналарға «Ашық есік» күні өткізілді. Ата-аналар мектеп асханасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптары, ас мәзірі, аспазшының ас даярлауы, ауыз су режимі, ас мәзірінің сапасымен танысты.